24.05.2016, 12:33
Оқылды: 39

Алаяқтың торына түсу қиын ба?

 Akjayik alayaktik   Ақжайық ауданы прокуратурасы 2016 жылдың өткен уақыты аралығында аудан көлемінде 14 алаяқтық тіркелгеніне алаңдаушылық білдіріп, тұрғындарды сақтандырып, жер-жерге хаттар жолдауда.


   2015 жылы «ҚауіпсізГазАймақ» ЖШС қызметкерлері екі ауылда жергілікті тұрғындарға және жеке кәсіпкерлерге өздерін газ жүйесінің құрылғыларын тексеретін тұлғалар ретінде таныстырып, газ құрылғыларын тиісті тексеруден өткізбеген жағдайда әкімшілік айыппұл салатандығын айтып, соңғылардың газ құрылғыларын шын мәнінде тексерместен, олардың қаражаттарын жымқырған. Қазіргі таңда бұл ЖШС-нің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылды.

   Бұдан басқа, белгісіз біреу Чапаев ауылының жеке кәсіпкері К.-нің дүкеніне келіп, алдау арқылы өзін лауазымды бір тұлғаның баласы ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін жол-патурльдік полиция қызметкерлері құқықбұзушылық жасағаны үшін алып қойғандығын, сол себепті жүргізуші куәлігін алу үшін 40000 теңге қаражатты қарызға бере тұруын өтініп, К.-нің ақшасын ала кеткен.

    – Қарызға ақша берген кезде қарыз берушімен борышкердің сауалнамалық мәліметтерін, қарыз сомасын, қарызды қайтару мерзімін көрсете отырып, қолхатты талап ету, сондай-ақ мысалы, ақша дивиденттерін алумен қызықтыратын, күмән тудыратын ұйымдардан (қаржы пирамидасына) сақ болу, әртүрлі акцияның жеңімпазы ретінде көрсеткен СМС-хабарламаларына жауап бермеу, «тез арада артық салмақтан, қант диабетімен қатерлі ісіктен және т.б. арылуға көмек беретін» интернет-сайттардағы жарнамаларға назар аудармау жайында қаншама айтыла тұрса да, тұрғындар арасында бейқамдық кездеседі. Алаяқтар үйдің қасына жүргенін ұмытпайымыз керек,-дейді Ақжайық ауданы прокуратурасының аға прокуроры Досбол Жұманов.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале