4.08.2015, 17:47
Оқылды: 17

Алдағы міндеттер талқыға түсті

Gaisa Kapakov   Облыстық әкімдіктің шағын мәжіліс залында баспасөз мәслихаты болып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық бөлімшесі  секретариатының меңгерушісі Ғайса Қапақовтың басшылығымен өткен бас қосуға өңірлік БАҚ құралдарының басшылары және журналистер қатысты.

Ғайса Хамидоллаұлы ең әуелі БАҚ өкілдеріне бес институционалды жаңғырту аясында 100 нақты қадамды жүзеге асыру мақсатында Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен ауқымында бес жұмыс тобы бар  Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанын хабарлады. Оған отандық және шетелдік сарапшылар енгізілген. Комиссияға еліміздің Үкіметбасы К.Мәсімов төрағалық етсе, оның орынбасары-ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматуллин. Комиссияның алдына екі басты мақсат қойылған. Ол-Отанымыздың 2050 жылы дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі және Қазақстанда экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінің стандарттарын жүзеге асыру. Осы мақсаттарды орындауға арналған 100 қадам-Елбасының 100 шешімі және 100 тапсырмасы.

Сонымен бірге Ғ.Қапақов аталмыш мақсаттарды өңірімізде де жүзеге асыру үшін өзгелермен қатар, БАҚ өкілдерінің атқаруы тиіс үгіт-насихат жұмысына кеңінен тоқталып, баяндап шықты. Оның ішінде «Мәңгілік ел» отаншылдық іс-әрекет жоспарын даярлау, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел-Үлкен отбасы» ауқымды жобасын  жүзеге асыру , «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы» идеясын ілгерілету және басқасы бар. Айтпақшы, соған байланысты «Еңбек Ері» құрметті атағын белгілеу, онымен таңдаулы кәсіп иелерін, еңбек әулеттерін марапаттау да көзделінген. Осы бағыттардың аясында өң ірлік мәдени-туристік кластерлер құрылмақ. «Қазақстанның энциклопедиясы» сынды ғала мтор порталы өмірге келеді. Ұлттық ауылдар құрылып, Отанымыздың Ұлттық мұражайын да Қазақстанның көпұлттылығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы залы ашы луы тиіс. Қайырымдылық қызмет орталығы ретінде ҚХА қызметін жаңғырту ұйымдастыр ылады. «Менің елім» ұлттық жобасы қолға алынуы қажет. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде 2015-2020 жылдарға арналған отбасылық қатынастарды, рухани-адами құндылықтарды нығайту жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын жаңғырту да ескерілген. Өзге де мәселелерді бүге-шүгесіне дейін талдап берген Ғ. Қапақов жиын соңында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

www.zhaikpress.kz

Серік Ізбасарұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале