11.11.2015, 9:03
Оқылды: 27

Алдыңғы толқын ағалардан үйренеріміз көп

Kaztalov aldingi tolkin agalarimizdan yrenerimiz kop   «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Қазталов ауылы ардагерлері мен аудан жастарының кездесуі болып өтті.

Кездесудің басты мақсаты – деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева.  – алдыңғы толқын ағалар мен жастардың арасындағы байланыс, бүгінгі жастарымыз қоғамдағы алатын орыны, міне осы мәселелер төңірегінде әңгіме қозғау еді, - деп ашты.

Кездесуде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, еңбек ардагерлері Тұрақбай Дүйсенов, Уахит Ищанов, Жұпар Мұхамбетжанова тағы басқалары жастардың бойында адамгершілік, жауапкершілік, бүгінгі заман ағымынан қалмай әр істе де алда жүрулеріне ойларын жеткізсе, жастар атынан сөз алған Әсем Халиуллина, Алиби Жангерей тағы басқалары өздерінің салалары бойынша атқарып жатқан істерінде қай кезде де алдыңғы толқын ағалардың ақыл – кеңестеріне үнемі жүгініп отыратындарын, үлгі алатындардын айтып өтті.

         www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале