6.06.2016, 15:50
Оқылды: 85

Аллаға сансыз шүкір

????????????????????????????????????

   Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы мешітте қасиетті Рамазан айына орай ауыз бекіту жиналғандардың қарасы  қалың болды.

       Осында Оразаға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкір арналып, ауыз ашар дұғасы оқылды.


    Жиналғандарды аудан әкімі Әділ Жоламанов Құдірет Ие мен құлы арасындағы ғибадаттың ерекше айы басталуымен құттықтап, ізгі амал мен дұға-ниеттің қабыл болуын тіледі.

     Мешіттің бас имамы Ерлан Айтімов жұртымыздың Алладан шексіз сыйға бөленуіндегі рамазанның орны, қадірі хақында баяндады.

     Байтақ елімізде әрдайым бірлік, тыныштық, жемісті еңбек салтанаты үстем болуы жайында сөз болып, жиналғандар бір-біріне бақ-береке тіледі.

   Ай бойына қасиетті ораза құрметіне жер-жерде қайырымдылық шаралары мен ауыз ашар беру ұйымдастырылады.

www.zhaikpress.kz

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ

Бекем БЕКҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале