10.12.2015, 19:44
Оқылды: 32

Алмазда тартысты дода өтті

Shingirlau Almazni togizkumalak   Алмаз селолық округінің мәдениет үйінде тоғызқұмалақ ойынынан аудандық ашық турнир өткізілді. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өткізген шараға Лубен, Сегізсай елді мекендерінен  сонымен қатар, Шыңғырлау БЖСМ және Алмаз ЖОББМ-нен 5 команда қатысып, өрнекті ойын көрсетті.


Өткізілген шараға Алмаз селолық округінің әкімі Қайырғалиев Ғаббас Рахымбердіұлы және Алмаз ЖОББМ-нің директоры Мусин Қалап Берниязұлы, аудандық спорт мектебінің әдіскері, тоғызқұмалақтан жаттықтырушы Темирбулатов Мирас Шабайұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ойыншыларға сәттілік тіледі. Төзімділікті қажет ететін математикалық есеп ойынында топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлер Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ақшалай сыйлығына ие болып дипломдармен марапатталды.Сондай-ақ, Алмаз ауылының әкімі Ғаббас Рахымбердіұлының демеушілігімен арнайы ақшалай сыйлыққа ие болды.

Ұлттық ойынды аудан көлемінде дамыту және кеңінен тарату мақсатында өткізілген шара көрігін әсем бимен әуелеген  ән-жыр қыздырды. Жарыс соңында Алмаз ЖОББМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі, Шынғырлау аудандық БЖСМ-ның тоғызқұмалақтан жаттықтырушы және осы шараны ұйымдастырушы Амантурлин Мирамхан Нариманұлы қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, шараны өткізуге мұрындық болған аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне және ақшалай демеушілік көрсеткен Алмаз селолық әкімі аппаратына және мерекелік көңіл–күй сыйлаған мектеп оқушылары мен ауылдық клуб меңгерушісі Ермуханов Асхат Сайынұлына үлкен алғыс білдірді.

 www.zhaikpress.kz

Алмаз ауылы

 Әсел Тілегенқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале