23.08.2016, 18:15
Оқылды: 27

Алмаз ауылдық округіндегі орта мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүруде

 Күрделі жөндеу жүруде  Шыңғырлау ауданында «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасының І «Инфрақұрылымды және коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бағытымен Алмаз ауылдық округіндегі орта мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүруде.


  Білім ошағын жаңғыртуға 121 млн теңге бөлініп, ол толықтай игерілуде. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 26 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіліп, табыс табуға мүмкіндік алды.

  Жаңа оқу жылы қарсаңында жаңарып, сыңғырлаған орта мектеп оқушыларға есігін айқара ашпақ.

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале