22.09.2015, 15:04
Оқылды: 24

Алматыда өткен аламан айтыста жерлесіміз Ж.Мусина үшінші жүлдені еншіледі

Jansaya Mysina   Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қала күніне арналған «Алтыннан ардақты, аяулы Алматым!» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен айтулы додада еліміздің түкпір-түкпірінен барған кіл азулылар бақ сынады. 

Екі күнге созылған айтыс қорытындысында павлодарлық Аспанбек Шұғатаев бас жүлдені (жеңіл автокөлік) жеңіп алды. Бірінші, екінші жүлде астаналықтар Еркебұлан Қайназаров пен Мейірбек Сұлтанханның еншісінде кетті. Арқалық қаласынан келген Айбек Қалиев, батысқазақстандық Жансая Мусина және қарағандылық Мақсат Ақанов үшінші орынды иеленді.Сөйтіп қыздардың арасынан жалғыз Жансая ғана жүлдеге қол жеткізді. Ж.Мусина бірінші айналымда шымкенттік Қалижан Білдәшевпен сынға түссе, финалда Еркебұлан Қайназаровпен сөз таластырды.

Еске сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 25 тамызда БҚО-ның Бөкей ордасы ауданындағы Хан ордасы ауылында өткен республикалық айтыста Ж.Мусина бас жүлдені (1,5 млн. теңге) олжалаған болатын.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале