18.08.2016, 14:54
Оқылды: 18

Алтай Көлгінов Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті жеңісімен құттықтады

13939607_1785451928397818_4087394339187383848_nБатыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті жеңісімен құттықтады.


Құттықтау жеделхатта "Сізді Олимпиялық ойындарының алтын медалін жеңіп алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздің бүгінгі табысты жеңісіңіз – Қазақстанның, өзіңіз туып-өскен өңірдің спорттағы беделін биіктете түсті. Байрақты бәсекеде бас бәйгені жеңіп алуыңыз – ел-жұртыңыз үшін үлкен әсер болса, кейінгі өскелең жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге болмақ.
Алдағы уақытта дүбірлі додаларда биік белестер мен асқаралы асуларды бағындыруыңызға тілектеспін" делінген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале