25.05.2016, 19:29
Оқылды: 23

Алтай Сейдірұлы қалалық эстетикалық бағыттағы гимназияда болып, мектеп бітіруші түлектермен кездесті

estetik     Бұдан соң Алтай Сейдірұлы қалалық эстетикалық бағыттағы гимназияда болып, мектеп бітіруші түлектермен кездесті.

    Өңір басшысы еліміз бойынша бүгінгі таңдағы білім саласына көрсетіліп отырған қолдаулар, қойылып отырған талаптар туралы айта келе, мектеп түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуде қобалжымауға шақырды.


   -Ұстаздарың берген білімді ертеңгі сында жан-жақты терең көрсете білу де өнер. Олардың еңбегін зая кетірмей, өз қабілет-қарымдарыңызды толық көрсету үшін, ең бастысы, қобалжымау керек. Ұстамдылық пен байыптылықты бойларыңызға серік қылсаңыздар, бәрі жақсы болады. Өмірде сынақ көп, ҰБТ-ны да сондай кезекті сынақтардың бірі деп қабылдаңыздар. Адам қай жерде де алдымен тек өзіне сенуі керек. Сендерге де сондай сенімділік тілеймін,  - деді Алтай Сейдірұлы.

   Өз кезегінде мектеп түлектері өңір басшысына алғыстарын білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын қойып, болашақ армандарымен бөлісті.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале