14.04.2016, 11:15
Оқылды: 50

«Алтын асық» бағдарламасы аясында 41,9 млн теңгеге 1533 қой басы алынды

Zelenov Altin saka     Зеленов ауданында қой  шаруашылығын  дамытуға  бағытталған «Алтын асық»  бағдарламасы  аясында 41,9 млн теңгеге 1533 қой басы алынған.

      Мәселен, «Файнуллин» шаруа қожалығы «Батыс-Шаруа»  ЖШС арқылы  4,6 млн. теңгеге 175 бас қой сатып алған.


     Сонымен бірге, «Керемет» шаруа қожалығы 21,6 млн.теңгеге Еділбай тұқымды 800 бас  қой сатып алу үшін құжаттар жинау үстінде. Ал, «Сағынжанов» шаруа қожалығы  5,7 млн. теңгеге 190 бас қой сатып алу жоспарлап отыр.

 www.zhaikpress.kz

Д. БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале