19.06.2015, 19:00
Оқылды: 15

«Алтын сапаға» өтініштер қабылдануда

seminarОблыстық кәсіпкерлік палатасында кәсіпкерлік өкілдеріне «Алтын сапа» президенттік байқауына және «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысу шарттарын түсіндіру бағытындағы оқыту семинары өткізілді. 

Биылғы жылдан бастап ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына  ҚР Президентінің «Алтын сапа» премиясына байқауды ұйымдастыру құзыреті берілді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Мәдина Мұқатованың айтуынша, байқау бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды анықтап қана қоймай, еуропалық мемлекеттердегі  және ТМД елдері аумағындағы сапа байқауларына Қазақстан атынан  қатысатын кәсіпкерлік субьектілерін тануға мүмкіндік береді.

Байқауға қатысу үшін 1 шілдеге дейін ұйымдастырушыға өтініш беруі керек. Сондай-ақ кәсіпорынның соңғы 3 жылдағы жетістіктерін баяндайтын есеп, құжаттық делелдер тапсырылады. Байқауға биылдан бастап тек заңды тұлғалар ғана емес, жеке кәсіпкерлер де қатыса алады. Үздіктер «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» деген үш аталым бойынша анықталмақ. «Алтын сапа» президенттік сыйлығы сапалы тауар және қызмет көрсету саласында үлкен табыстарға жеткен, тиімділігі жоғары сапа менеджментін сәтті енгізген кәсіпорындарға беріледі.

Өңірлік кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Нұрлан Қайыршиннің айтуынша, байқауға өткен жылдары 10-15 батысқазақстандық кәсіпорын қатысқан. 2013 жылы «Кублей» ЖШС «Алтын сапа» президенттік сыйлығын иеленген. Биыл 10 кәсіпорын қатысуға ниет білдірді.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале