2.11.2015, 15:13
Оқылды: 23

«Алтын сапа» байқауына 6 компания қатысады

Altin sapa  Жылма-жыл жыл соңында, желтоқсан айының соңғы күндерінде Президенттің «Алтын сапа» сыйлығына республикалық байқау қорытындысы өткізіледі. Биыл оныншы рет өткізілгелі отырған байқауға өңірімізден 6 компания қатыспақ. 

Биылдан бастап бастап «Алтын сапа» президенттiк сыйлығы мен «Қазақстанның үздiк тауары» көрме-байқауын өткізу міндеті «Атамекен» 9лттық кәсiпкерлер палатасына  жүкетелді.  ҚР Президентінің 2006 жылғы Жарлығына сәйкес «Алтын сапа» сыйлығы байқау негiзінде кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы жетiстiктерi, заманауи менеджмент жүйелерiн енгiзгенi үшiн жыл сайын берiледi. Еліміздің кәсіпкерлеріне сапа саласындағы жеткен жетістіктері үшін Елбасының қолынан «Алтын сапа» жүлдесін алу  зор мәртебе екені сөзсіз.

- Елбасы Жарлығына сәйкес, байқау үш санат бойынша шағын кәсіпкерлік, орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілері жеке-жеке байқау аталымдарына  қатысады. Мұнымен бірге, мемлекеттің қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарды қоспағанда, еліміздің аумағында тауар өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар да «Алтын сапа» байқауына қатыса алады., - деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Абсатиров.

«Алтын сапа» байқауына өңірімізден 6 компания қатысады. Соның ішінде «Тұрғындарға арналған тауар өндiретiн үздiк мекеме» аталымы бойынша «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС, «Нұржанар» АҚ, «Родник» фирмасы» ЖШС, «Агропродукт ЛТД» ЖШС,  «Қызмет көрсетушi үздiк мекеме» аталымы бойынша «Камал-Ойл», «Отделстрой» ЖШС қатысады.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын  ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале