24.06.2016, 16:52
Оқылды: 27

«Алтын сапа» үздіктерді анықтайды

altyn sapa«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыстауға арналған байқау мен республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысуға өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды.


Осыған орай Оралдағы «Алгоритм» техпаркі» ЖШС-да аталмыш байқау мен республикалық байқау-көрмесінің өткізілу тәртібі мен қатысушыларды бағалау талаптарын түсіндіруге арналған оқыту семинары өтті. Басқосуға шағын және орта, ірі кәсіпкерлік субьектілері қатысып, өздерін мазалаған сұрақтарына мамандардан жауап алды.

-Мемлекет басшысының «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары республикалық байқауға жолдама алады. Байқауға заңды тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де қатыса алады. Қатысушыларға қойылатын басты талаптардың бірі – байқау ұйымдастырушылары мақұлдаған өнім сапасының жоғары деңгейі мен оны жүйелік тұрғыдан тұрақты түрде қамтамасыз ету, – деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту департаментінің сарапшысы Мәдина Мұқатова.

Бір күндік семинарға тәжірибелі кәсіпкерлер де, ісін жаңа бастаған жастар да қатысты.  Олар мұндай байқаудың өнімдерін елге танытуға және кәсіпкерліктің дамуындағы артық және кемшін тұстарын анықтауға мүмкіндік беретінін айтады.

www.zhaikpress.kz
Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале