1.09.2015, 15:26
Оқылды: 27

Алғашқы қоңырау соғылды

Janibek algashki konirau    Жәнібек ауданының орталығындағы №1жалпы білім беретін орта мектепте алғашқы қоңырау салтанаты өзіндік мәнімен, сәнімен оздырылды. Салтанатты жиында биыл мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бірінші сынып оқушыларын сынып жетекшілері көпшіліктің алдына бастап шықты. Жиналған қауымды аталмыш мектептің директоры Сапар Мамбеталиев білім күнімен және оқу жылының басталуымен қызу құттықтап, білім ордасындағы жаңа реформалық өзгерістерді тілге тиек етті. Мектеп басшысының айтуынша оқу орны ҰБТ қорытындысы бойынша аудан мектептерінің арасында үшінші орынға ие болып, мектеп түлектерінің 9-ы білім грантына қол жеткізген. Биыл оқу жылында бірінші сыныпқа 73 бүлдіршін аяқ басып отыр. Жалпы, мектеп биылғы оқу жылын 541 оқушымен бастады.  Мектеп директоры өз сөзінде «Мектепке жол» акциясы барысында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына көмек қолын созған демеушілерге алғыс білдірді.

Алғашқы қоңырау салтанатында биылғы оқу жылында ұстаздық қызметті бастағалы отырған 10 жас маман таныстырылып, олардың қай пәннен дәріс беретіні мәлім етілді. Салтанатта, сондай-ақ мектептің оқу озаттарына мақтау грамоталары табысталды. Сонымен қатар жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Уәлиев мектеп табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушыларына Елбасының сыйлық ретінде ұсынған «Менің Отаным-Қазақстан» деп аталатын оқу кітабын  салтанатты түрде табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале