20.11.2015, 17:43
Оқылды: 32

«Алға, Қазақстан» деп ұрандаған ұландар

флэшмоб 1  «ASIA MALL» ойын-сауық кешенінде Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 150 оқушысының қатысуымен «Алға, Қазақстан!» флешмобы өтті. Флешмоб Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналды. Дәл осы уақытта еліміздің барлық Зияткерлік мектептің 3000-ға жуық оқушысы осы шараға атсалысты.

Флешмоб соңы оқушылардың үш тілдегі ұранды сөздерімен аяқталды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльвира Айдыналиеваның айтуынша, Тұңғыш Президент күніне орай онкүндік аясында ашық сабақтар, «Ашық есік күні», домбырашылар флешмобы, бір уақытта Википедияға мәдени-тарихи мақала жазу шаралары өткізілмек.

www.zhaikpress.kz

 Ақмоншақ Жұмаева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале