2.03.2016, 10:11
Оқылды: 28

Алғыс айту күнінде дөңгелек үстелде бас қосты

????????????????????????????????????

 1 наурыз Алғыс айту күнінде Жалпақтал әкімшілігінің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиев, тыл, еңбек ардагерлері дөңгелек үстел басында бас қосты.


Бұл шараға қатысқан ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин өзінің игі тілегін жеткізіп, мерекемен құттықтады. Шара барысында ардагерлер өздерінің ойларын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Үстел басында бұл мерекенің ерекшеліктері айтылса, Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат атамыз:

-Қазір елмен ел егесіп, жер шарының әр түкпірінде бүйкүнә адамдардың қаны төгіліп, үлкендермен кішінің арасы алшақтап, адамдар діннен безіп, аналар іштен шыққан шаранадан безіп, қатыгез аталуда. Елбасының осы бастамасы бір сауапты істің бастауы деп түсінеміз. Үлкен алғысымызды елдің іргесін сөкпей, жұртымыздың іргесін төкпей, басқарып келе жатқан басшыларға алғысымыз шексіз,-дейді майдангер. Сонымен қатар еңбек ардагерлері Жаңыл Құспанова, Шынболат Өтешқалиев, Кенжебай Үмбетов осындай кездесу ұйымдастырған Жалпақтал әкімшілігіне алғыстарын жеткізді. Дөңгелек үстелге Жалпақтал полиция бөлімінің күзет полициясының қызметкерлері де қатысты.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале