1.03.2016, 14:55
Оқылды: 27

Алғыс айту күні - адамгершілік пен бір-біріне кешіріммен қарау мерекесі

UVD algis aitu kyni   Алғыс айту күні қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні, себебі Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің біртұтас Ұлтымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен болатын.


         Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында Алғыс айту күніне орай Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Кадр жұмысы басқармасы қызметкерлері  мерекелік экскурсия ұйымдастырды. Аталмыш шараға жол-патрульдік полиция қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлері және қызметке жаңа аяқ басқан жас мамандар қатысты. Экскурсия қаламызда Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай ашылған «Қазақстан халқының ассамблеясы үйі» немесе «Достық үйінде» жүргізілді.

         Жаңадан бой көтерген зәулім сарайдың іші көздің жауын алады. Сәнді де салтанатты ғимараттың іші жаңа соңғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталған. Сарайдың ішінде қазақ елінде тұратын түрлі ұлттың дәстүрі мен мәдинеті сақталған, әр ұлттың мәдениетіне арнап кабинеттер жабдықталған және сол халық өкілі өз ұлтының тарихы мен мәдениетін баяндайды. Украин, әзербайжан, шешен, кәріс және т.б. халықтардың салт-дәстүрлерімен, бұйымдарымен танысқан жеке құрам бұл саяхаттан көп әсер ала білді.

         «Қазақ елінің байлығы – бұл халқының бірлігі мен татулығы. Тарихта ойылып орын алған талай қиын сәттерді бірге кешіп, ауыртпашылыққа төтеп бере білдік. Ендігі жерде Елбасының салиқалы саясатын қолдай отырып, Қазақстанның болашағының баянды және келешегінің жарқын болуы үшін аянбай еңбек етуіміз қажет», - деді БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» басшысы Ажғалиев Александр Құмарұлы өз сөзінде.

         Шара соңында тәртіп сақшыларына Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай дайындалған «Ассамблея –тұрақтылық пен бірлік нышаны» (Ассамблея – фундамент стабильности и согласия) атты деректі фильмі көрсетілді.

www.zhaikpress.kz

Асылай Губашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале