1.03.2016, 18:01
Оқылды: 21

Алғыс айту күні - ел бірлігін одан әрі бекіте түсетін күн - БҚО әкімі

Nogaevv   Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір жұртшылығын Алғыс айту күнімен құттықтады.


Алғыс айту күнін белгілеу - елімізде тұрып жатқан барлық этностардың ынтымағы, бірлігі мен достығын одан әрі бекіте түседі деген сенімдемін. Бұл күн қиын-қыстау уақытты бірге өткерген және ең қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды бірге құрған азаматтардың бір-біріне деген өзара құрметінің, мейірімділігінің, достығының мерекесі болмақ. Бұл ортақ тарихымызға, жылдар бойы  елімізде достық пен өзара түсіністікті қалыптастырған аға ұрпаққа, біздің әкелеріміз бен аталарымызға деген құрмет.

Сіздерді жаңа мейрам - Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Сіздер ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға  үлес қосып, еңбек етіп келесіздер.

Бүгінгі мереке «Мәңгілік ел» ортақ идеясы арқылы қазақстандық  біртектілік пен бірлікті, патриотизмді нығайтудың, қоғамды біріктірудің тағы бір символы ретінде жүректерімізден орын алсын.

Әр отбасыға бейбітшілік пен береке, табыс пен өркендеу тілеймін!» делінген құттықтауда.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале