25.02.2016, 17:16
Оқылды: 34

Алғыс бата алған күн

????????????????????????????????????

   Бүгінде елімізде өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің ынтымағы жарасып, қиын қыстау кезінде келген ұлтты жеріне паналатқан қазақ халқының дархандығын қалай десек те мақтауға лайық. Бұл өзіміз және өзгелер үшін ұмытпайтын тарих.


1 наурыз Елбасының Жарлығымен «Алғыс күні» жарияланған болатын. Осы мақсатта 24 ақпан күні Жалпақтал ауылында «Алғыс бата ал» акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараға Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігінің жетекші маманы Айдана Серікқызы, Жалпақтал аймағы бойынша жалғыз бастылармен үйден көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Мерует Нұралиева және Жалпақтал ауруханасының әлеуметтік қызметкері Рабиға Жұмаева акция шеңберінде Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиевтің, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жағдайы төмен отбасылардың шаңырақтарында болды. Олар 14 отбасылардың шаңырақтарында болған кездесуде арнайы азық-түліктермен қамтамасыз етіп, қал-жағдайларымен бөлісті.

-Елбасының «Алғыс айту» күні мерекесін жариялағанын дұрыс деп есептеймін. Біздер ауылдық жерде қазақтармен қарым-қатынасымыз жақсарып, бүгінде бірі-бірімізбен құда болып жатқан жағдайымыз бар. Қазіргі уақытта еліміз тыныш, әлеуметтік қызметкерлер күнбе-күн келіп, жағдайымызды біліп тұрады. Қолдарынан келгенше көмектерін аямаған емес. Ұлттардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту мерекесі тойшыл қазаққа артық етпес деп есептеймін,-дейді орыс ұлтының өкілі, зейнеткер Валентина Молоткова.

Осындай кездесу барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат атамыз өзінің ақ батасын беріп, елдің амандығын тіледі.

     www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале