23.05.2016, 12:29
Оқылды: 20

Алқалы отырыста ауқымды мәселелер талқыланды

ZH-350x3501    Мамыр айының  20-сы күні Қаратөбе аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды.

  Қоғамдық кеңес отырысына аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев, аудан әкімінің орынбасары  Сатқан Өмірзақов және аудандағы мекемелердің басшылары қатысты.


   Отырыстың күн тәртібіне сай  Қазақ елі үшін маңызы зор мереке Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданда жүргізілген және алдағы уақытта жоспарға сай атқарылатын  жұмыстар туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосовтың,    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жер кодексіндегі бірқатар түзетулерге мораторий жариялауына байланысты  халыққа түсінік жұмыстарын жүргізуші насихатшы ақпараттық топтың аудандағы жұмыстары туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абат Көбеновтің,  «Кәсіпкерлік аясын кеңейту мақсатында  мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер» туралы - аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мейрамгүл Кенжеғалиеваның хабарламалары тыңдалды.

    Отырыста кеңес төрағасы О.Ермекқалиев сөз сөйлеп, елдің ең басты құндылығы Тәуелсіздік мерекесінің өз деңгейінде аталып өтілуіне айрықша мән беруді, ата-бабаларымыз аңсаған  осы күнге қол жеткізуге өз еңбек үлестерін қосқан аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттап, дәріптеуді назарға салды.  Орынғали Бәкесұлы Жер кодексіне байланысты мәселеге терең тоқталып, өз ой-пікірін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале