25.04.2016, 16:55
Оқылды: 24

Алқа отырысы

 Bokei Alka otirisi    Бөкей ордасы ауданы педагогтері кеңесінің алқа отырысын білім бөлімінің басшысы Ержан Мақсотов ашты. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудан прокуроры Нартай Байменов, мектеп басшылары, әлеуметтік педагогтермен қоса, әдіскерлер де қатысты.

     Әрбір білім ұялары кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс, нашақорлық, теріс діни ағым, өзгенің мүлкіне қол сұғушылық, өмір мәнін жоғалту, яғни, суицид, бейсауыт адамдардан сақ болу, ерте жыныстық қатынасқа түсудің алдын алу мәселелері бойынша көкейге ой салар бейнебаяндарымен бөлісті.


     Өз кезегінде аудан прокуроры Нартай Байменов әдістемелік қызметке қатысты өз ой-толғамын ортаға салып, кей мәселелер бойынша ескертулер жасады. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Тұрарбек Апақаевтың хабарламасында кей мектептерде өрт дабылы қондырғысы орнатылмағанын, өрт сөндіру құралдары да жеткіліксіз және бұрынғы ескі ғимараттардағы есіктердің шығу бағытына қарай ашылуы ретке келтірілмегендігін сөз етті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе – ҰБТ-ға  дайындық жәйі де кеңінен сөз болды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале