28.08.2015, 17:39
Оқылды: 23

Ал енді, оқуға, студенттер!

Al endi okuga studentter «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі жаңа оқу жылының басталуына орай еліміздің аймақтарына оқуға аттанатын ақжайықтық студенттермен кездесу ұйымдастырды. Жастар ұйымының іс-шараларына белсене қатысатын, жазғы демалысты ұтымды ұйымдастыруға бағытталған істердің басынан табылған Алмагүл Ихсанова, Максим Мағзом, Гүлмира Жетмекова, Альмира Теміржан, Сұлтан Құрамыс, Фариза Мағзом, Абайқызы Айымгүл, Сәнім Искалиева, Ақбөбек Куспаева, Асқар Сатқанов, Ернар Мұхамбет және басқалары алдымен мемлекеттік жастар саясатының ауданда жүзеге асырылу барысы туралы бейнефильм көрді.

Емен-жарқын жүздесуде қыз-жігіттер биылғы каникул кезінде атқарған жұмыстарын әңгімелеп, алдағы уақытқа жоспарларымен бөлісті. Олар бос уақытты тиімді ұйымдастыру, студент жастардың достығын дәріптеу мақсатында сан алуан іс-шаралар ұйымдастырғаны үшін «Ақжайық өрендеріне» алғыстарын білдірді. Абай атындағы мектеп гимназияның түлегі Мейірбек Тажқұранов дайындаған фотобаян көрсетілді. Мұнда жаздағы жұмыстардан айшықты суреттер топтастырылды. Шара соңында «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Біржан Кухаев белсенді замандастарына Алғыс хаттар табыстады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале