11.03.2016, 19:30
Оқылды: 17

Аналарға құрмет

????????????????????????????????????

   11 наурыз күні Жалпақтал мәдениет үйінің кіші мәжіліс залында «Ардақтайық аналарды» атты кездесу кеші оздырылды. Бұл кешке аудандық ішік саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова қатысты.


«Әжелер шапағаты» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Қабиеваның ұйымдастыруымен анаралырымзағ құрмет көрсетіліп, «Ардақтайық аналарды» атты кездесу кеші өтті. Бұл шараға тылда еңбек еткен ауылымыздың әжелері, ардақты аналары және жас келіндер қатысты. Кештің мақсаты үлкенді құрметтеп, сыйлауға, ұллтық дәстүрімізді сақтауға, әжелеріміздің игі істерін үлгі ете білуге тәрбиелеу болып табылатын. Шарада жас келіндеріміз ақ жаулықты әжелерімізге сауалдар қойса, әжелеріміз өмірдің мән-мағынасын, отбасында сабырлылық, береке-бірлік болу керек екен деген жауаптар қайтара білді. Сонымен қатар «Қыз Жібек» термешілер ансамблі және осы ансамблдің кіші топтағы бүлдіршіндеріміз ән-жырдан шашу шашты. Бұл кездесу кешінде «Әжелер шапағаты» қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері де ән айтып, шараның шырайын аша түсті.

Кеш соңында «Әжелер шапағаты» қоғамдық бірлестігінің бөлмесінде дастархан жайылып, ауылымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген бір топ әжелеріміз, аналарымыз қоғамдық бірлестік атынан алғыс хатпен марапатталды.

 www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале