2.07.2015, 19:43
Оқылды: 41

«Аналар кеңесінің» мүшелері бас қосты

NyrOtan partiasi  «Нұр Отан» партиясы ғимаратының кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі Қазақстан Халқы Хатшылығының сектор меңгерушісі Шанай Назипа Ыдырысқызы облысымыздағы «Аналар кеңесінің» мүшелерімен кездесті. Кездесуді ашып, сөз сөйлеген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова аталмыш кеңестің жұмысының өрге басуы үшін мемлекеттік мекемелердің  ықпалын арттырып, қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Әдеттегідей қағазға қарап, есеп беру емес, форматы бөлектеу өткен жиында Назипа Ыдырысқызы ананың қоғамдағы ролі, жасөспірімдер  арасында суидцидтің көбеюі туралы айтып, білім саласының  жылдар сайын әлсіреп бара жатқанын сынға алды.

Кезегімен сөз алған «аналар кеңесінің» мүшелері өз ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале