3.03.2016, 10:17
Оқылды: 30

Ансамбль атағын алды

 Borli ansambl atagin aldi  Бірлік пен ынтымақ жарасқан кең байтақ елімізде түрлі ұлттар мен ұлыстар татулық пен достықта мекен етуде.

Өз тілін, өз дәстүрін сақтап, мамыражай күн кешіп жатқан түрлі этос өкілдері көңілі даласындай кең, пейілі таза, бауырмал қазақ халқына алғысы ерекше. Жайдарлы көктемнің алғашқы күнінде адамзат баласы жылулық сезінді. Ата мен әжеге, әке мен анаға, дос пен бауырға алғыс айтылған бұл күн бөрліліктер үшін екі есе қуанышымен келді.


Бөрлілік ағайыннан сүйінші сұрап келген бұл қуанышты облыстық халық шығармашылығы орталығының жетекші маманы Батырхан Каиыров жеткізді.

Батырхан Ғалымжанұлы Қазақстар Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің 11.01.2016 жылы шыққан №4 бұйрығы бойынша жоғары орындау шеберлігі және көркемөнерпаздар шығармашылығының дамуына  қосқан үлесі үшін «Халықтық» өнерпаздар ұжымы атағын беру туралы Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысыны Д.Құсайыновтың қолы қойылған куәліті  көп жылдары өңіріміздегі мәдениет саласының дамуына ат салысып жүрген белгілі  өнерпаз ұжымдар аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы  Нұрия Сейтжанова жетекшілік ететін «Ақ жаулықты әжелер» ансамблі және Успен ауылдық мәдениет үйінің Марат Абдрахманов  жетекшілік  ететін «Абдрахмановтар» жанұялық ансамбліне табыстады.

Бұл қуанышты сәтке куә болған көпшілік арасында аудан әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев те болды.

«Бүгін біз үшін тарихи күн. Ақ жаулықтары жарасып, ұлттық өнерімізді жаңғыртып, халық әндерін насихаттап жүрген «Ақ жаулықты әжелер» және айрандай ұйып, отбасы татулығы мен бірлігі арқасында аудан, облыс көлеміне танылған «Абдрахмановтар» ансамбілі өңірімздегі ән өнерінің жанашырлары. Бүгінгі атақ талай термен, еңбек пен келген жеңіс. Сондықтан аудан әкімі Марат Түсіпқалиевтің атынан және өз атымнан сіздерді құттықтаймын»- деген Азамат Сафималиұлы облыстық халық шығармашылығы орталығынын жетекші маманы Батырхан Қаировқа алғысын жеткізді.

Айтылған тілектер мен артылған сенім үшін алғыстарын білдірген ансамбіль жетекшілері ансамбілдің тарихын баяндап, жеткен жетістіктерін атап өтті.

Жуырда ғана ашылған «Достық» үйінде өткен шарада әр ансамбіль өз өнерлерін паш етіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале