16.09.2016, 17:25
Оқылды: 31

АНТ тобы ауылдарда

%d0%b0%d0%bd%d1%82-%d1%82%d0%be%d0%b1%d1%8b-%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0  Жуырда Зеленов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс, аудандық мешіттің бас имамы Әзілхан Бисенғалиев бастаған  ақпараттық насихат тобы ауыл-аймақты аралаған болатын.


  Дәлірек айтсақ, топ мүшелері Дариян, Үлкен Шаған, Щапов, Өркен, Асан, Белес, Новенький ауылдарының тұрғындарымен, әсіресе жасөспірімдермен жүздесіп дін тақырыбында әңгімелесті.

  Басқосу барысында жастарға діни экстремизм, терроризм ұғымдары, түрлі секталардың шырмауы туралы түсінік берді. Сонымен қатар  келтірілген фактілер, мысалдар арқылы жеке тұлғаның санасына діни экстремизмнің алдын алу бағыттарын қалыптастыру туралы сөз қозғалды.

  Білім мен сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, мейірімділік, имандылық, ізгілік, адалдық сияқты адами құндылықтардың шарапатын  әркез жастарымыздың бойына сіңіру біздің басты парызымыз.

   Осыны мақсат тұтқан шараға қатысушылар белсенділік танытып, тақырып аясында түрлі сұрақтар қойып, белсенді атсалысып отырды.

    «Ауыл тынысы»

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале