16.06.2016, 11:10
Оқылды: 25

Арайлы күндер «Арайда» өтпек...

araily kunderБүгін аудандық «Арай» балалар жазғы демалысы лагері ашылды.


Жыл сайын балалардың жазғы уақытын тартымды және тағлымды өткізуге үлес қосып жүрген бұл орынның биылғы жоспары да әдеттегідей 4 кезеңге бөлініп, әр кезеңде 45 балаға демалуға мүмкіндік жасалады. Лагерь жұмысын ұйымдастырушы аудандық «Балалармен мектептен тыс жұмыс орталығы» мекемесінің басшысы Қуаныш Игилманов:

-Демалыс уақытында балаларға 5 мезгіл тамақ беріліп, аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары кезең сайын концерттік бағдарламасын өткізіп отырады. Сондай-ақ биылғы демалыс кезеңінің бір ерекшелегі – кең етіп салынған бассейн нысаны. Мұнда балалар таза, жылы суға шомылып, демалысын қызықты өткізуге мүмкіндік алады. Кезең сайын тәрбиешілер мен тәлімгер, психолог маман мен лагерь дәрігері ауыстырылып отырылады. Лагерь директоры мен аспаздар ғана ауыспайды,- деп отыр.

Жалпы, ауыз суды бұған дейінгі жылдарда тасымалдап келген лагерьге биыл таза ауыз су құбыры тартылып, газ отынына қосылды. Бұл өз кезегінде жылу қазандығын іске қосып, демалыс орнын жазда да, қыста да қолдануға мүмкіндік тудыруда.

www.zhaikpress.kz
Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале