8.06.2015, 13:42
Оқылды: 36

Арам ойы іске аспады

boijetkenЗеленов ауданы Янайкин ауылына жеке көлігімен келген 1990 жылғы С. есімді қалалық жігіт сол ауылдан 1993 жылғы Р. есімді бойжеткенді аулаққа алып шығып зорламақ боп күш қолданған.

Аудандық ішкі істер бөлімі мамандарының мәліметінше ауылдан аулақта, табиғат аясында ұзақ тұрған көліктен секем алған учаскелік инспектор келіп тексеру жүргізу барысында бойжеткен әлгі жігіттің күш көрсету арқылы зорлауға әрекеттеніп отырғанын айтып, шағымданған.

Оқиға орнында қылмыстық іске қатысты рәсімдеме жасалып, арам ойын іске асырып үлгермеген жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалғалды.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале