6.05.2016, 12:23
Оқылды: 38

Ардагерлерге құрмет көрсетті

 Jantass    "Жайық Пресс" ЖШС ұжымы қалыптасқан дəстүр бойынша Отан қорғаушылар күні жəне Жеңіс күні мерекелерінің қарсаңында мекемеде қызмет еткен ардагерлерді шақырып, құрмет көрсетті.


     Қарияларды қос мерекемен құттықтаған медиахолдинг басшысы Жантас Сафуллин денсаулық, отбасы жылуы мен бала бақытын тілеп, сый-сыяпатын табыс етті.

    "Жайық Пресс" ЖШС бас директорының орынбасары, ақын Ғайсағали Сейтақ, облыстық қос газеттің редакторлары Бауыржан Ғұбайдуллин мен Роза Сыйқовалар да ақжарма тілектерін арнады.

    Ардагерлер атынан сөз алған қаламгерлер Ғилаж Наурзин мен Мəжит Қайырғалиев ағалар өздеріне көрсетілген ықылас-құрметке дəн ризашылығын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале