12.05.2016, 12:23
Оқылды: 25

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Bokei akim karia     Жеңіс күні мерекесіне орай құрамында Бөкей Ордасы аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов, қорғаныс бөлімінің басшысы Ж.Сабыров бар аудан әкімі Н.Рахымжанов бастаған делегация Хан ордасы ауылында тұратын майдангер Нәсіпқали Жұмағалиев пен аудан орталығы Сайқын ауылын мекен еткен соғыс ардагері Камал Нарболовтың шаңырақтарында болды.


     Жеңістің 71 жылдық мерекесімен құттықтап, аудан әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының сый-сияпаттарын табыс етті. Бейбіт өмір, ашық аспан, ел-жұрттың тыныштығын тілеген ардагерлер, құттықтай келгендерге ризалық сезімдерін білдіріп, алғыс айтты.

www.zhaikpress.kz

А.ХАМЗИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале