15.07.2016, 10:28
Оқылды: 44

Ардагерлердің аймақтық семинары

????????????????????????????????????

   Қаратөбе ауданында Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің аймақтық семинары өтті.

   Семинарға келген қонақтар алдымен аудан орталығындағы әлеуметтік нысандар мен мәдени орындарға саяхат жасап ауданның тыныс-тіршілігімен танысты.


   Семинардың пленарлық бөлімінде аудан әкімі Асхат Шахаров семинар қонақтарына қош келдіңіз айтып, аудан көлемінде атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде тілге тиек етті.

  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараларды өткізудегі облыс ардагерлер ұйымдарының жұмыстары турасында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов баяндап, ардагерлерге қолдау көрсету, жастарды елжандылыққа тәрбиелеу бағытында әңгіме өрбітті.

   Кезегінде сөз сөйлеген Қаратөбе аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудан туындайтын жастарды патриоттық және еңбекке тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарына тоқталып өтті.

   Жиында Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Сәуле Бисенғалиева ардагерлермен ұйымдастырылатын шығармашылық жұмыстары барысымен  таныстырып, баяндап берді.

   Сырым ауданы ардагерлер кеңесінің қоғамдық ұйымдар және үкіметтік емес мекемелермен бірлесіп тәрбиелік мәні бар мәдени-көпшілік шараларды өткізу тәжірибесімен Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Галимов баяндады.

  Бөрлі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Мырзағалиев, белгілі өлкетанушы Жайсаң Ақбай, Шыңғырлау аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы Сабырғали Самиев жастар тәрбиесіндегі ардагерлердің рөлі мен еңбегі елеулі тарихи тұлғаларды жастарға үлгі тұту мақсатында дәріптеу арқылы тәрбие беру төңірегінде ой қозғады.

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық фестиалінің ережесі және өткізілуі жөнінде сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің мәдени және спорт жұмысы жөніндегі комиссиясының төрайымы Гүлсім Қадешова ардагерлердің белсенділігіне ризашылығын жеткізіп, мәдени шараларға қатысып тұруға шақырды.

   Семинар соңында аудандардағы ардагерлер кеңесінің жұмысына зор үлес қосып жүрген бірқатар ақсақалдар облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz
Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале