20.06.2016, 10:56
Оқылды: 30

Ардагерлердің облыстық спартакиадасы аяқталды  

 

obl spartakiada16-18 маусым аралығында өткен Батыс Қазақстан облысының спорт ардагерлерінің ІІІ спартакиадасы аяқталды. Оған 1000-ға тарта спортшы қатысты. Спартакиаданың жабылуына арналған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов қатысты, деп хабарлайды БҚО спорт, туризм және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.


 

obl spartakiada (1)Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған бұл жарысқа қатысушылар спорттың 13 түрінен - стритбол, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, армрестлинг, гір тасын көтеру, жүзу, президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбыдан өзара сайысқа түсті.

Спартакиада қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық есепте І орынды Орал қаласының, ІІ орынды Бөрлі ауданының, ІІІ орынды Жаңақала ауданының командалары иеленді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале