6.08.2015, 22:49
Оқылды: 30

Ардагерлермен әңгіме

Akjayik ardagerlermen angime  Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов ардагерлер кеңестері төрағалармен арнайы кездесу өткізді. Кездесуге ауылдық округ әкімдері шақырылды.

Аудан басшысы мерекелі жылдың меже-міндеттері, соған сай атқарылған мерейлі жетістіктер жайында жиналғандарды хабардар жасай отырып, алда тұрған қам-қарекеттерді кеңінен баяндады. Білім күнін ұйымшылдықпен қарсылауда қоғамдық ұйымдар да  көп іс тындырары сөзсіз. Ардагер аға-апалардың өмірлік тәжірибесі қай-қай жердің де жұтамас  қазынасы болып табылады.

Ауданның мал шаруашылығында оң табыстармен қатар осалдықтар да ұшырасып отыр. Түлік ауруы жиі кездесуде. Тіпті оның адамға жұғуы алаңдатпай қоймайды. Кеселді жою күн тәртібінде өткір тұр. Елдімекендердің көріктендірілуі, санитарлық тазалығы, мал орындарының реттілігі үздіксіз жүргізілгені абзал. «Тұрғындарды осыған мүдделілікпен қатыстыруды әлде де тереңірек ойластырсақ» деді Әділ Тауфиқұлы. Ол осы бағытта кейбір нәрсені пысықтады.

Чапаевта және ауылдық округтар орталықтарында көзден таса қалып жатқан күл-қоқыс жоқ емес. Бірінші кезекте, сол үйінділерден құтылу керек. Аудан орталығын көркейту мақсатында ауқымды жұмыс орындалуда. Көшедегі көлік қозғалысын реттеу үшін бағдаршамдар орнату уақыт талабы болып отыр. Елдімекендерді газдандыру жалғасуда.

Жаңабұлақтық Өтеғали Дабысов Бударин каналы бойындағы көлтабандарға судың келуі нашарлығын, сондықтан жыл сайын мал азығын дайындау үлкен қиыншылықпен жүретінін тілге тиек етті. Кездесуде Будариннен Сағатқали Бегенов, Көнеккеткеннен Бақтияр Сапашев, Ақсуаттан Абухан Шоқалақов және басқалар ауыл тағдырына қатысты қажет ойларын ортаға салды.

www.zhaikpress.kz

Тілектес САҒЫН

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале