28.09.2015, 19:52
Оқылды: 22

Ардагерлер азайып бара жатыр

Zelenov ardagerler azayip bara jatir   Зеленов ауданы Краснов ауылына қарасты Котельникоы елді-мекенінде тұрған соғыс ардагері Павел Максимович Сатаров өмірден өтті. Ардагер Куйбышев облысы, Камен ауданы Кевдомельсит ауылында 1922 жылы 9–шілдеде дүниеге келген. 1942 жылдың 16 қаңтардан бастап  2-ші Украина майданында атқыштар полкінде болады. Ол майдандағы ерлігі үшін көптеген медальдармен марапатталған. «Знак Ветераны войны 1941-1945гг», «За отвагу», «За взятие Берлина», «За победу над Германией», «За боевые заслуги», «За освобождение Варшавы», «Ветеран войны 1941-1945гг», « Георгия  Жукова», «20 лет победы Великий Отечественный войны» «Орден II степени в ознаменование 20- летия Победы», Ұлы Жеңістің мерейтойлық және «70-лет Вооруженных сил», «За трудовое отличие», «За трудовую доблесть», «10 лет Астаны» медальдарымен марапатталған.

Соғыстан кейін Зеленов ауданы Краснов совхозына комбайнер, тракторис болып келіп, осы жақта тұрақтап қалады.

Күні бүгінге дейін ауданда 18 ардагер саналып келген Павел Максимовичтің қазасынан соң жеңісті жақындатқан ардагерлердің саны біреуге кеміп отыр.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале