24.10.2016, 11:32
Оқылды: 41

Ардагерлер арасындағы жарыс

????????????????????????????????????

  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және қайырымдылық айына орай «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында  зейнеткер ардагерлер арасында Сырым аудандық спартакиада оздырылды. Спартакиадаға Аралтөбе, Алғабас, Жосалы, Жымпиты, Сарой, Қособа ауылдық округтерінен ардагер спортшыларымыз қатысты.


Жарыстың салтанатты ашылу салтанатына орай аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Галимов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спартакиада ережесі бойынша ерлер және әйелдер арасында дойбы, асық ату, үстел теннисі, шахмат ойындарынан жарыстар оздырылса, 70 келіге дейін және 70 келіден жоғары ерлер арасында ардагер сортшылар қол күрестірді.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте І орынды Жымпиты ауылдық округі, ІІ орынды Қособа ауылдық округі, ІІІ орынды Сарой ауылдық округінің командасы иеленді.  Жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

 Үміт Жәңгірова

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале