28.03.2016, 18:16
Оқылды: 50

Ардагерлер арасында шахмат ойыны оздырылды

 Janibek ardagerler arasinda shahmat   «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен  мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахим Ықсановтың туылғанына 90 жыл толуына арналған ардагерлер арасында шахматтан жарыс болып өтті.


         Жарыстың ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев құттықтау сөз сөйлеп, жолдың қашықтығы мен ауа райының қолайсыздығына қарамастан осы жарысқа қатысуға келген қарияларға ризашылығын жеткізді. Сонымен жарыс та басталып, 2 топқа бөлінген ардагерлер өзара кім мықтыны анықтады. Әр топтан үздік шыққандар сайыстың жүлделі орындары үшін бақ сынасты. Нәтижесінде, 1-орынды Серік Масанов (Жәнібек ауылы) иеленді. Ал, Зейін Сабырғалиев (Қамысты ауылы) пен Нариман Елеуов (Жәнібек ауылы) сәйкесінше, 2 және 3-орындарды өзара бөлісті. Сонымен қатар, Мәжит Махмудов (Тау ауылы) «Шебер ойыншы» аталымына ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хат және сый-сияпаттармен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале