3.03.2016, 10:43
Оқылды: 23

Ардагерлер бабында

Zelenov ardagerler babinda   Орал қаласында шағын футболдан ардагерлер арасында Қоныс Ағелеуовты еске алуға арналған ашық турнир өтті. Облыс орталығының 6 командасы мен көршілес Атырау облысы және Зеленов ауданының ардагер футболшыларынан құрылған «ДӘН» командасы қатысқан турнир тартысқа толы болды.


Бірнеше апта бойы айналмалы жүйе бойынша сайысқа түскен ардагер футболшылар бәсекесінің қорытындысында Айдос Қарсақов, Сергей Наконечный, Александр Хайруллин, Қайыржан Тастілеуов, Вячаслав Тимаев, Сергей Сценцеренко, Дамир Ермағамбетов, Марат Елеукенов, Мұхтар Алшынов, Спартак Исқақов сияқты спортшылардан құралған Зеленов ұжымы екі ойында ғана жеңіліп, жүлделі үшінші орынды иеленді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале