3.10.2016, 16:36
Оқылды: 47

Ардагерлер спорттық сайысқа түсті

img_2325Aудандық спорт кешенінде аудандық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қариялар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты спорттық сайыс өтті.

Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы сөз алып, барлық қарияларды мейрамдарымен құттықтап, ардагерлер ұйымының мүшесі, ұзақ жылдар мәдениет саласында қызмет атқарған Ғалымжан Нығметовтың 70 жасқа толуына орай шапан кигізіп, естелік сыйлық табыс етті.

Өнері мен өнегесі жарасқан ақылшы ақсақалдарымыз  өздерінің спорттық жағынан да қырларынан танытты. Ең алғаш рет оздырылып отырған ақсақалдар арасындағы спорттық сайысқа 4 команда қатысып,  5 кезең бойынша жарысқа түсті.

Нәтижесінде  1 орын «Ардагерлер», 2 орын «Зейнеткерлер», 3 орынды «Даналар» мен «Абыздар» командасы иеленіп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Міне, ардагерлеріміз бұл жарыста өздерінің спортқа жақын екендіктерін көрсетіп, әрленген жарыста көңіл көтеріп, бір серпіліп қалғандай болды.

Жұлдыз Асқар

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале