4.02.2016, 12:26
Оқылды: 33

Ардагерлер әрдайым сапта

 Akjayik ardager ardayim sapta  Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері Департамент ұйымдастыратын түрлі іс шараларға, оның ішінде жас қызметкерлердің ант қабылдауына, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімдеріне белсене қатысады, үнемі мектеп оқушыларымен, өрт сөндірушілер және құтқарушылармен кездеседі.


Ардагерлер ұйымының белсенді қызметі, олардың батыл өмір жолы, кемеңгерлігі және тәжірибесі барлық азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінде қадірлі өнеге, жаппай құрмет пен ризашылықты тудырады.

Ұрпақтардың сабақтастығы – әрбір гарнизонның табысы мен жетістіктерін бекітетін негізгі тіректердің бірі. Жоғарытехнологиялық машиналар мен қондырғыларды қолданумен өрттерді сөндіру, аварияларды жою саласындағы заманауи жетістіктердің жасы үлкендердің тәжірибесімен үйлесімділігі өзінің оң нәтижелерін беруде.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖ департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале