25.06.2016, 10:02
Оқылды: 53

Ардагер жергілікті журналистерді құттықтады  

????????????????????????????????????

Маусым айының соңғы жесенбісінде мерекеленетін Журналистер күніне орай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Еркінбек Жәнібеков «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалы – Қаратөбе аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясына арнайы келіп, журналистерді төл мерекелерімен құттықтап, құттықтау хат табыс етті.


Айта кету керек, Еркінбек ағамыздың әкесі Ғаббас Жәнібеков ұзақ жылдар бойы, дәлірек айтсақ, 1943-1959 жылдар аралығында «Колхозшылар үні» газетінде редактор болып қызмет атқарды.

Журналистика саласында 26 жыл еңбек өтілі бара ардагер-редактордың ұрпағы Еркінбек Ғаббасұлы да 1957-58 жылдары тілшілік қызмет атқарған.

Шынайы құттықтауды қабыл алған «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе филиалының директоры Ертай Бимұханов редакция ұжымы атынан алғыс айтып, аға буын салған сара жол жалғасын таба беретіндігіне сенім білдірді.

www.zhaikpress.kz
Тоты АСҚАРҚЫЗЫ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале