22.04.2016, 19:04
Оқылды: 60

Ардагер спортшыға арналған ашық турнир

?

     Бүгін Шыңғырлау ауданында волейбол спортынан аудан бойынша ашық турнирдің тұсауы кесілді. Аталмыш шара аудан спортының ардагері, көптеген жас спортшылар тәрбиелеген жаттықтырушы  Талаптыер Дүйсебаевтың зейнеткерлікке шығуына орай ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында ауылдық округтер мен аудан мекемелерінен 12 команда сапқа тұрып, аудан басшылығы, спорт ардагерлері және мекеме басшылары атынан құттықтау тілектер жолданды.


     Талаптер Жұмабайұлы 1971 жылдан бастап 45 жылға жуық спорт саласында еңбек етіп келді. Өз еңбек жолында бірнеше буын спортшылар тәрбиелеп, аудан спортын алға тартқан жеңімпаз командалар даярлады.

     Дәл қазіргі сәтте аудандық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі кешенінде жарыстың алғашқы командалары тартысты кездесуін бастап та кетті.

  www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале