7.11.2015, 10:25
Оқылды: 20

Ардагер қарияларымыз ардақталды

Janibek karialar sarkilmas darialar   Қарты бар ел – қазыналы ел демекшіЖәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл ауылдық округіндегі ардагер қариялардың  құрметіне мәдениет үйінде дастархан жайылды. Ауыл әкімі Алтай Бақтығалиұлының құттықтауымен басталған мерекелік дастархан басында оларға арналып ән шырқалып, күй тартылды.

Сондай-ақ, өзара тұшымды  әңгімелер өрбітіліп, ақсақалдар мен әжелер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ардагерлеріміз өз кезегінде ақыл- кеңестерімен қоса, осындай шараны ұйымдастырған ауыл әкімшілігіне алғыстарын айтып, әжелеріміз әсем әндерімен құлақ құрышын қандырды.

Шара соңында естелік суретке түсті.

       www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале