8.07.2016, 17:43
Оқылды: 29

Ардагер ұстаз – туған жер топырағында

 ұстазБүгін Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың қабылдауында Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі, ардагер ұстаз Рая Жалғасқызы жанұясымен болды.


Ол сонау Алатау баурайынан елге сапарлап келген ұлағатты жан әкесі Жалғас Байтурин туралы мұрағаттық деректер жинақтауды мақсат етіпті.

Рая Жалғасқызының әкесі Жалғас Байтурин «Аққозы» қаракөл кеңшарын ұйымдастырғанда оның алғашқы директоры болып тағайындалады.

Қаракөл өнімдері бірнеше рет одақтық, республикалық көрмелерге қатысып, көрменің алтын, күміс медальдарына ие болған.

Шаруашылық қорытындылары бойынша «Аққозы» кеңшарының директоры Жалғас Байтурин екі рет Бүкілодақтық ауыспалы Қызыл Туға ие болып, республикада алдыңғы қатардағы орынға шығады.

Жалғас Байтурин «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Қоржын ауылының негізін қалаушылардың бірі.

Р.Жалғасқызы сапарында облысқа белгілі ардагер журналист Амантай Боранқұл бірге жүрді.

 

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале