5.10.2015, 18:19
Оқылды: 28

Ардақтың жеке клиникасы

DAMU kori  Еңбек өтілі 20 жылдан асқан дәрігер-стоматолог Ардақ Қыдырашеваға кәсіпкерлікпен айналасуға әріптесі кеңес беріпті. «Шешінген судан тайынбас» демекші, мемлекеттік және жеке клиникаларда еңбек етіп, өз ісін шеберлікпен меңгерген жан жеке стоматологиялық клиника ашу қамында. Бұдан бірнеше жыл бұрын осында жеке клиника ашып, «өзіне» қызмет етіп жүрген әріптесінен мемлекеттен көмек-қолдау көрсетілетінін естіп-білген Ардақ Ерсайынқызы  «Даму» қорының өңірдегі филалы мамандарынан ақыл-кеңес алды. Сөйтіп, жеке кәсіпкерлік ашып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуға құжат тапсырды.

-«Қазақстанның халық банкі» арқылы 12 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алдым. «Даму» қоры 8,4 млн. теңге көлеміндегі несие қаржысына  кепілдік берді. Несиелік қаржы ғимарат сатып алуға, оған жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалды. Қажетті заманауи құрал-жабдықты өз жинағыма Ресейден алдым,- деді Ардақ Ерсайынқызы.  Оның айтуынша, орталықта терапевтілік, хирургтік және ортопедиялық стоматологиялық қызметтер көрсетілмек. Стоматологиялық орталық қазан айының ортасынан бастап іске қосылады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале