5.03.2016, 14:01
Оқылды: 61

Ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!

 Nogaevv  Сіздерді ару көктемнің арайлы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Табиғат тіршілігі көктемнен басталса, адамзат өз өмірінің бастауын – Анадан алады.


«Зауалы көп заманда қазақ қыздары қиындыққа төзіп, үнемі қайсарлық танытты. Аяулы арулар тәуелсіздік алған жылдары да ауыртпалықты қайыспай көтерді. Жас мемлекетіміздің керегесін кеңейтіп, іргесін нығайтуға айрықша үлес қостыңыздар. Сіздердің еселі еңбектеріңіз еңселі еліміздің дамуына ерекше серпін берді», – деген болатын Елбасы Н.Назарбаев.

Иа, Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, аяулы апа-қарындастарымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат.

Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Біздің аналарымыз – жарқын істерді бастаушы, ел бірлігінің ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі. Еңбекте, денсаулық сақтауда, білім беруде, өнерде баршаға үлгі болып келеді. Кейінгі толқын осынау игі дәстүрді лайықты жалғастыруда.

 Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге қашанда шынайы ризашылық сезімімді білдіремін.

Көктем – гүлімен, отбасы – нұрымен көркем, өмірімізге мән, тіршілігімізге сән берген Сіздерге отбасының амандығын, ұзақ ғұмыр, шаттық пен шапағат, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Игі тілекпен,

Батыс Қазақстан

облысының әкімі                                           Нұрлан Ноғаев

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале