3.12.2015, 11:19
Оқылды: 25

Ардақ Рамазанова, Сырым ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас инспекторы:

Sirim Ardak  Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың қай жолдауы да еліміздің бақуатты мемлекетке айналуын, оның ішінде қарапайым халықтың жетістікте өмір сүргенін қолдайды. Осы мақсаттар үшін жасалған жұмыстар зерделенеді, заманмен санасқан жаңа жоспарлар ұсынылады.

«Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа жолдауын Сырым ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері ұжым болып тыңдады. Биылғы жолдау мемлекеттік қызметкерлердің алдына жауапты міндеттер қойды.


 

Біздер - халықтың қызметшісіміз. Мемлекеттік қызмет жаңа жолдаудағы айтылған жақсылықтардың жергілікті тұрғындарға қолжетімді болуы үшін қызмет жасауы керек. Тұтас әлемнің өзі қаржылық тапшылыққа тап болып жатқан уақытта, елдің ішінде әлеуметтік жағдайы әлсіз жанұялардың болатыны ап  - анық нәрсе. Осындай жанұялардың өзі мемлекеттік қызметкер арқылы үкіметтің қамқорлығын сезінуі керек, тиесілі жәрдемді алуы керек. Бұл жұмыстар бізде жасалып жатыр, дегенмен жолдау арқылы жаңа маңызға ие болуда.

Елбасы елдің азаматтарын кәсіптік - техникалық білім алуға шақырды. Кәсіптік – техникалық білім - біздің елдегі жұмыссыздық мәселесін шешудің ең төте жолы.  Халыққа білім алуды, кәсіп игеруді насихаттаудың арғы жағында Елбасымыздың елге деген жанашырлығы жатыр.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале