5.08.2015, 18:45
Оқылды: 27

Арзан тауар жеткізбек

Shingirlau togiz joldin torabi    Заман ағымына ілесіп, өз нәпақасын өздері тауып отырған жандар Шыңғырлау ауданында көптеп кездеседі. Олар отбасы бюджетін молайтып қана қоймай, өздерінің жүрегі қалаған кәсіптерімен айналысады. Теміржолдың арғы жағындағы Оқановтар жанұя-сындағы «Диас» дүкені осы мақсатпен ашылған болатын. Жалпы бұл жақта азық-түлік дүкені жоқ емес, бар, бірақ өз кәсібін ашуға ешкімге де шектеу қойылмасы түсінікті. Дүкен иесі  Гүлназ Оқанова отбасы мүшелерімен кеңесе келе үй жанынан шағын дүкен ашуды ұйғарып, жұмысын бастап кеткелі де бірнеше айдың жүзі болыпты. Дүкенде сан алуан азық-түлік түрлерімен қатар көкөністер, шырынды сусындар мен жуғыш заттары, басқа да керекті майда кәкір-шүкірлер көп екен.Алғашқы кезде қаладан тапсырыспен алдырып жүрген тауарларына үстеме қақты аздап қосып саудасын дөңгелетіп алса керек.

Иә, талапты жетер мұратқа деген. Өзін-өзі қамшылап, ізденіп, қайткенде өз кәсібімді өркендетіп-кеңейтем деген жан аспандағы бағаны ұстап тұрмай, қарапайым халықтың қалтасын қақпайтындай әрекет етері түсінікті. Ендеше, Гүлназға  «қанағат қарын тойдырады» деген халық даналығын басшылыққа алсаң бағытыңнан жаңылмассың дейміз.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ибрагимқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале