4.09.2015, 18:22
Оқылды: 32

Арзан әрі сапалы өнім саудада

Zelenov arzan ari sapali onim saudada   Қазір халықтың қысқа азығын қамдап, жаңа өнімнен қор жинайтын кезі. Осы кезде қала көшелерінен арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкелерде сауда қыза түспек. Жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылатын жәрмеңкеде ауданымыздың  ауыл шаруашылық өнімін өндірушілері халыққа өз өнімдерін арзан бағамен ұсынады.

– Жаңа піскен өнімді нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен ұсынуды кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілі деп түсінетін зеленовтық шаруалар биыл да белсенділік танытуда. Қала орталығындағы М.Ықсанов көшесінде ұйымдастырылған жәрмеңкеде біздің шаруалар қиярдың келісін – 50-60 теңге, қызанақ – 40-60, картоп – 40-50, қарбыз – 25, бал – 1000-1300, орамжапырақты – 60, пиязды – 50, баклажанды – 70,  бұрышты – 60, сәбізді – 50,  шұжық түрлерін – 600-1000 теңгеден ұсынуда. Жәрмеңкеге ауданымыздан 2 ЖШС, 2 жеке кәсіпкер және 35 шаруа қожалық өз өнімдерін саудалауда - дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бағдат Тоғжанов.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале