20.07.2016, 17:13
Оқылды: 38

Аружанның арманы орындалды

аружан«100 нақты көмек» жобасы өз жұмысын бастағалы бері облыс орталығы мен аудандарда көптеген игі істер атқарылып келеді. Аталмыш жоба аясында Орал қаласының тұрғыны - Аружан есімді мүмкіндігі шектеулі бойжеткен облыстық жастар ресурстық орталығына келіп жолыққан болатын.


аружан1

Әңгіме барысында Аружан қазақ өнеріне қызығушылығы бар екенін айтып, домбыра үйірмесіне қатысқысы келетінін жеткізді.

Бүгінгі күні Аружанның тілегі орындалып, қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің ықпалымен  «Атамұра» аула клубының домбыра үйірмесіне тегін қатысуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар тамыз айының басынан бастап вокал үйірмесіне де тегін қатыстыруға «Атамұра» аула клубының қызметкерлері келісімін беріп отыр.

Аружан секілді көмекке мұқтаж жастарға орталық тарапынан баса назар аударылып келеді. Бұл - біздің басты жұмыс бағыттарымыздың бірі.

Р.МАҚСОТОВ

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығының

бөлім басшысы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале