21.05.2015, 18:17
Оқылды: 24

Аршынды адым

Akjayik malik Myhtar   Жаһандану үдерісі бір жағынан экономикалық сын-қатерлерді төндіруіне байланысты оның алдын алуға, болдырмауға ұмтылумен бірге дамуды жеделдету өмір талабы екендігі даусыз. Сол себепті бәрі екшеліп, тұжырымдалған «100 нақты қадам» жөніндегі стратегиялық бағдарламаны айқын мақсаттың үлкен белгісі деп түсінемін. Әрине, оған жету оңай емес, мұны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та қайта-қайта қаперге салып келеді. Өмірде ойлаған мақсатқа жетудің жолы сайрап жатуы мүмкін емес. Демек, Елбасының бастамаларына жұдырықтай жұмылып, ауқымды міндеттерді шешудегі белсенділік бізге ауадай қажет.

Иә, экономикалық, әлеуметтік, саяси реформалар бізден ұйысуды, еңбексүйгіштікті, адалдықты сөзсіз талап етеді. «100 нақты қадаммен» жете танысқан жан осыны аңғарары шүбәсіз. Бір орында тұрып қалуға болмайды. Алға ұмтылған абзал. Әйтпесе, әлемдегі экономикалық, саяси ширыға, күрделене түскен бәсекелестікте көштің соңында қалу оп-оңай.

Ұлт жоспарындағы әр меже Отанның, біздің және ұрпағымыздың тағдыры, болашағымыздың тағдыры болып табылады. ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға қатысты қадам да ешкімді бейжай қалдырмады деп есептеймін. Бұл өте үлкен, тағдыршешті мәселе екені анық. Жер кодексіне және басқа заң актілеріне уақыт үніне сай өзгерістер енгізілетіні көңілге қуаныш әкелді. Жер телімдеріне рұқсат алу рәсімдері жеңілдейді. Пайдаланылмай жатқан алқаптар мемлекет қорына алынады. Осының бәрі Жер-ананы, табиғатты қорғау, демек, ертеңімізді қорғау деген сөз.

Мәңгілік Ел дегеніміз әрине, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, еңбексіз игілік келмейтінін ұғыну, жас ұрпаққа ұтымды тәрбие мен білім беру, халықтың бірлігі мен ұғыныстығы, өз мемлекетінің әр бір қадамын қуаттауы деген сөз. «Қазақстан – 2050» Стратегиясына апарар бағытты жан-жақты бекемдеген Ұлт жоспары бізді соған шақырады.

 www.zhaikpress.kz

Мәлік МҰХТАР

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале